ШҚО-да пара алған шенеунік ұсталды

27 Шілде 2021, 05:27
2101
Бөлісу:
ШҚО-да пара алған шенеунік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге сомасында, яғни кәсіпкерден айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесіне байланысты түпкілікті үкімді сот шығарады.
Өзгелердің жаңалығы