ШҚО-да өткізу мен қызмет көрсетуден 704,2 млрд теңге табыс түсті

27 Маусым 2021, 15:40
7970
Бөлісу:
ШҚО-да өткізу мен қызмет көрсетуден 704,2 млрд теңге табыс түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдары 2021 жылғы 1 тоқсанға қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындыларын шығарды.

Олардың қаржылық көрсеткіштері 244 шаруашылық субъектісінің есептері арқылы ұсынылған. 493,8 млрд теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға азайды. Өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс 704,2 млрд теңгені құрап, 12%-ға азайды. 2021 жылғы 1 тоқсанда өнім өндірудегі және көрсетілген қызметтегі ең жоғары үлес салмағы (64,9 %) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, оның көлемі 320,5 млрд. теңгені құрады, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Облыстың қалалары мен аудандарының арасында өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі, сондай-ақ өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс сияқты қаржылық көрсеткіштер бойынша Өскемен қаласының кәсіпорындары алда келеді – тиісінше 356,2 млрд теңге және 523,3 млрд теңге.

2021 жылғы 1-ші тоқсанда облыстың ірі және орта кәсіпорындарының сальдоланған қаржылық нәтижесі 148 млрд теңге шамасындағы пайда ретінде анықталды. Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде пайданың ең жоғары үлесі – 85 млрд теңге өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына келеді. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындары теріс қаржылық нәтиже көрсетті.

Қалалар және аудандар бөлінісінде пайданың ең жоғары үлесі Өскемен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына – 106,8 млрд теңге, ал залалдың ең жоғары үлесі Абай ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарына келеді.

Өзгелердің жаңалығы