Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы аптада ШҚО-ның бірқатар аудандарында мұз жару жұмыстары басталады, деп хабарлады Altaynews.
Бұл көктем мезгілінде су тасқынының алдын алу үшін қажет.
ШҚО Төтенше жағдай департаменті су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында мұзды жару үшін жарылыс жұмыстары жүргізілетінін ескертеді:
2 наурыз – Шемонаиха ауданының Верх-Уба және Убинка ауылдарында;
3 наурыз – Бородулиха ауданының Красный Яр ауылында;
4 наурыз – Шемонаиха ауданының Шемонаиха қаласында;
5-7 наурыз – Күршім ауданыны Маралды ауылында.