Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыста май экстракциялайтын заманауи зауыттың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
«Qazaq-astyq group» кәсіпорнына қарайтын аталмыш зауыттың өнімдері күнбағыс майы мен жоғары протеин түйіршіктінің шрот өндірісіне маманданған Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Түркия мен Еуроодақ елдеріне экспортталмақ.
Жаңа зауыттың құрылысы 2019 жылдың наурыз айында басталған болаты. Шикізаттың қуаттылығы тәулігіне мың тоннаны, рапс немесе зығыр тұқымдары бойынша 800 тоннаны құрайды. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының 5,8 млрд теңге көлеміндегі қаржысының арқасында май экстракциялайтын зауыт қысқа ішінде негізгі құрал-жабдықтармен жабдықталды. Құрылыс толық аяқтталып, кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 200-ден астам адам жұмысқа тартылатын болады, – дейді «Qazaq astyq group» ЖШС директорының орынбасары Алтынбек Нұратұлы.
Дайын өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін Украинадан тәжірибелі мамандар шақырылды. Салынып жатқан май экстракциялау зауыты өнімінің 90 пайыздан астамы сыртқы нарыққа экспорттау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта әлеуетті серіктестермен Қытайға, Өзбекстанға және Еуроодақ елдеріне Қазақстанда шағыралған өсімдік майын жеткізуге байланысты келісімшарт жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, қуаты жоғары тазартылған май құю цехын пайдалануға беру жоспарлануда.
Өсімдік майын сыртқы нарыққа экспорттау үшін «Qazaq-astyq group» ЖШС-і Қазақстанның Даму банкі бөлген 4,4 млрд теңге қаржыны үш жыл мерзімде игерді. Сондай-ақ, қаржыны сақтандыру арқылы «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясынан да қолдау тапты. Осылайша, жалпы құны 12,5 млрд теңгенің мөлшерін құраған май экстракциялық зауыты биылғы жылы толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.