Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда әлеуметтік желіде Крещение суы 1000 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы Аltaynews хабарлады.
Сатушының айтуынша, «Крещение Господня» мерекесінде Хамир өзенінен барынша толтырып алынған су Алтай қаласының тұрғындары арасында сұранысқа ие.
Әлеуметтік желілерде Хамир өзенінен алынған «Крещение суының» литрі 1000 теңгеден, зейнеткерлерге 800 теңге сатылады және жеткізу тегін» деген мазмұндағы хабарлама жүр.
Әдеттегі әзіл-қалжың емес екендігіне көз жеткізу үшін хабарландыру авторымен байланысқа шықтық. Есімі Николай екен.
Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды. Бүгін екі тапсырыс болды. Өткен жылғы бұл мерекеде де осы Хамир өзенінен су тасып жүрдім. Сол кезде де тұрғындар хабарласып, «қасиетті суды» ақшаға сатуымды сұрап жатты. Енді әркімнің өзенге баруға мүмкіндігі бола бермейді ғой,-дейді Николай.
Ал Данииловский шіркеуінің аға попы Михаил Арабов шіркеуде «қасиетті судың» тегін таратылып жатқанын айтады.