Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін шамамен 3500 адам тұратын 6 ауылға апаратын Согорное-Барлық автожолында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 10300 текше метр қар түсті.
Учаскеде 15 көшкін жинақтаушы бар, ол жерде «Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының бақылаушылары мониторинг жасайды. Осы жұмыстармен қатар бір уақытта Бұқтырма өзені бойындағы тасқын қауіпті Богатырево, Быково ауылдарының ауданында мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 24 094 шаршы метрде мұз ұсатылып, оған 1167 кг жарылғыш зат жұмсалды, - дейді ШҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.