Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да білім беру мекемелерінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Тексеріс барысында кейбір мектептерде бейнебақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істемейтіндігі анықталды.
Бұл туралы ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.
Өңіріміздегі білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 647 мектептің 637-сі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Мониторинг жүргізу барысында 10 мектепте бейнебақылау камералары жұмыс істемейтіндігі анықталды. 533 (82,3%) мектепте бейнебақылау жүйесі стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді. Барлық білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесін қосымша жабдықтауға және жаңартуға өтінім берді, - дейді Зейнеп Махсутова.
Оның айтуынша, осындай кемшіліктерді жою үшін бюджеттен қаражат бөлінген. Бұл жұмыстар биыл қыркүйек айына дейін аяқталмақ.