ШҚО-да балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды. Дегенмен бас санитар-дәрігердің талаптары біршама жеңілдей түсті. Мәселен енді балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс.</h4>

 7 Наурыз 2021 2021, 07:41
7 Наурыз 2021 2021, 07:41
2023

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды. Дегенмен бас санитар-дәрігердің талаптары біршама жеңілдей түсті. Мәселен енді балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жаңа қаулыға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. Мәселен таңертең балалар тексеруден өтеді. Қызметкерлер маска режимін қатаң сақтайды. Нысанда үнемі күшейтілген санитариялық-дезинфекция жасалуы тиіс. Бірнеше топты біріктіретін іс-шараларға тыйым салынды. Сондай-ақ, ата-аналар мекемеге кіре алмайды.

Құжаттың толық мәтінімен танысыңыз.

Наверх