Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде алғаш рет иық буынын имплантпен алмастыру отасы жасалды. Аталған ота барысында мамандары Франция елінде шығарылған иық имплантын пайдаланды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Айта кету керек, отаның бағасы қымбат, әрі технологиялық жағынан өте күрделі болуымен. Алайда бұл жолы пациенттің ем-домы толықтай МӘМС аясында жүргізілді.
Орталықтың травматолог-ортопед дәрігері Дамир Сыдықовтың айтуынша, өңірде иық буындарынан жарақат алып, ота жасалуға тиісті азаматтар аз емес. Бірақ бүгінгі күнге дейін олардың бірде-біреуіне имплантациялық ота жасалмаған. Себебі күрделі отаны жасауға арнайы технологиялармен қоса, өте үлкен тәжірибе керек. Бүгінге дейін Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы политравма және ортохирургия орталығының мамандары эндопротездеу саласындағы заманауи емдеу әдістерін кезең-кезеңмен игеріп келген.
58 жасар Семей қаласының тұрғыны Жедел медициналық көмек ауруханасына иық сүйек басының фрагменттелген сынығымен шұғыл түрде жеткізілген. Біз тиісті зерттеулерден кейін науқастың иық буынын алмастыру операциясын жасауды ұйғардық . Алайда бүгінге дейін дәл осындай жарақатпен келген науқастарға сүйек үсті және сүйекішілік остеосинтезі оталарын жасаумен шектелгенбіз. Енді біздің аурухананың облыс тұрғындарына қосымша ұсынатын тағы бір заманауи ота түрі бар, осындай емнің түрін көрсетуге дайынбыз, – дейді Дамир Сыдықов
Аймақ тұрғыны Вера Каравайноваға жасалған ота сәтті өтіп, бірнеше апта қалпына келтірудің бірінші кезеңінен өткен соң, денсаулығы түзеліп үйіне шығарылды.
Маған жаңа иық салып берді деп айта аламын. Адам өз-өзіне қызмет етіп, керек жарағын өз қолымен істеуге мүмкіндіктен айрылғаны қиын ғой. Мені бірінші күннен бастап күтімге алып, көмектескен дәрігерлерге алғысымды айтамын. Медициналық сақтандыру жүйесі арқылы өткізілген ота қалтаңыздан еш тиын шығын шықпайды дегенде тіпті қуанышмды жасыра алмадым. Барлығына үлкен рахмет! – дейді Вера Каравайнова.