Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Оқиға 26 маусымда Алтай қаласындағы Қаюпов көшесінда болған.
2018 жылғы бала москит торына сүйеніп тұрғанда терезеден құлап кетті. Бұл уақытта оның ата-анасы басқа бөлмеде отырған. Қыз бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, департамент өкілдері бала терезеден құлап кетпес үшін москит торына сенбеуге кеңес берді. Бұндай тор бүлдіршіндерді құлап кетуден мүлде қорғамайды.