ШҚО-да 160 келіден астам өнім сауда айналымынан алынды

29 Қараша 2021, 13:01
974
Бөлісу:
ШҚО-да 160 келіден астам өнім сауда айналымынан алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да өнім қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде 2021 жылдың 10 айында 3419 өнім, оның ішінде 2100 тамақ өнімдерінің және 1319 халық тұтынатын тауарлардың сынамасына іріктеу жүргізілді, деп хабарлады Altaynews.

Іріктеуге алынған өнімдердің басым бөлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер елдерінде (709 сынама), алыс және жақын шетел елдерінде (1809 сынама) және отандық өндірушілерде (901 сынама) жасалынған.

ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша өнім сынамаларының 23,6%-ы, яғни 808 сынама Кеден одағының (ЕАЭО) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша 223 нұсқама берілді, 2 377 355 теңге айыппұл салынды, сонымен қатар 166,21 келі қауіпсіз емес өнім сауда айналымынан алынып тасталды.

Өнімнің сәйкестігін растайтын жалған құжаттарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнның сәйкестігі туралы 2 декларацияның қолданысы жойылды, ойыншықтар бойынша 3 сәйкестік сертификатының, ойыншықтар бойынша 1 сертификаттың қолданысы тоқтатылды, - делінген ақпаратта.
Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында ҚР аумағында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі орналастырылады. Сондай-ақ, бұл тізім Wipon мобильді қосымшасында ұсынылған, онда өнім туралы ақпарат штрих-кодты сканерлегеннен кейін экранға шығады.


Өзгелердің жаңалығы