Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасы - «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорны Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында серпін алған өндіріс орындарының бірі.
Кәсіпорын пандемияның қиын кезеңінде Көкшетау қаласының барлық санитарлық бекеттері мен науқастар жатқан стационарларды табиғи ауыз сумен қамтамасыз етті.
30 жыл ішінде өндіріс орны шағын зауыттан республикалық маңызы бар ірі инновациялық кәсіпорынға айналды. Кәсіпорын тарихы 1991 жылы гидрогеологтар тобы табиғи минералды су кен орнын ашудан басталды. Сол кезде қазақстандықтарды экологиялық таза аймақтан пайдалы сумен қамтамасыз ету компанияның басты миссиясына айналды. Ал 2011 жылы кәсіпорын ғылыми базасының гидрогеологтары әлемдегі табиғи жеңіл судың бес көзінің бірі болып табылатын бірегей Құскөл кен орнын ашты. Қазақстандықтарға табиғи су «Turan» сауда маркасымен белгілі. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік процестері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
Компанияның Тәуелсіздіктің құрдасы болып табылатыны шын мәнінде өте терең мәнге ие. Кәсіпорын құрылған 90-шы жылдары ел экономикасының шатқаяқтап тұрған кезі екені белгілі. Дүкен сөрелері бос қалып, азық-түлік тапшылығы орын алды. Жұрт қарақұмық мен сіріңкеге дейін алып кетіп жатты. Ал қант талон бойынша берілді. Ол кезде ссын өндірісімен айналысу оңай болған жоқ. 2012 жылға қарай компанияның өндіріс көлемі ұлғайды. Сол кездің өзінде болашақта су бензинге қарағанда қымбат болады деп айтылып жүрді. Бүгінгі таңда шыны ыдыстағы бір литр су бір литр бензинге қарағанда әлдеқайда қымбат. Сапалы ауыз су жеткіліксіз болады деген де болжамдар айтылды. Бүгін, әрине, суды тазарту технологиясы алға жылжыды. Бірақ көпшілік табиғи көзден алынған су мен жасанды түрде тазартылған судың айырмашылығын түсінетін болды, – дейді «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец.
Бүгінгі таңда кәсіпорында жалпы өндірістік қуаттылығы сағатына 70 мыңнан астам бөтелке шығаратын Krones, Sidel, FBT, KHS сияқты әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи автоматтандырылған құю желілері орнатылған. Соңғы 5 жылдағы маңызды жетістіктердің бірі – пластикалық ыдыстың жеке өндірісін іске қосқан Huskey зауыты. Енді компания қазақстандық бөтелкеге құйылған 100% қазақстандық өнімді шығаратынын мақтанышпен айта алады.
Табиғи минералды судың барлық кен орындары міндетті түрде мемлекеттік аудиттен және сертификаттаудан өтеді. Жыл сайын отандық және халықаралық ҒЗИ суға толық химиялық талдау жүргізеді. Ай сайын кен орындары ҚР ДСМ сапаны бақылау комитетінде химиялық құрамы мен қауіпсіздігін бақылаудан өтеді және күн сайын кәсіпорынның зертханаларында су тексеріледі. Осындай Мұқият бақылаудың арқасында KMW өнімдері жоғары сапасымен танымал және бұл сапа үшін 100-ден астам отандық және халықаралық марапаттармен дәлелденген.
2020 жылы кәсіпорын акцизді ескере отырып, мемлекеттік бюджетке 7,7 млрд теңге мөлшерінде салық төледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% - ға артық. Компания жоспарында өндіріс көлемін ұлғайтуды жалғастыру, осылайша, мемлекет бюджетіне салық аударымдарын 8 млрд теңгеге дейін жеткізу тұр. Мұның өзі Ақмола облысында мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті «Көкшетау минералды сулары»АҚ құрамына кіретін Global Beverages холдингінің бас директоры Мүслім Өмірияев.
Компания Көкшетау қаласын дамыту мәселелерінен сырт қалған емес және өңірдегі әр жағдпайға жіті көңіл бөледі. Пандемия кезінде кәсіпорынның суы барлық санбекеттерге және стационарларға үздіксіз жеткізілді. Компания Ақмола облысында осындай ерекше акцияны іске қосты. Ал Көкшетауда апат орын алып, қала сусыз қалған кезде кәсіпорын қала тұрғындары үшін өз ұңғымасынан таза суы бар бөшкелерді таратты.
Өткен жыл ақмолалықтар үшін де өте ауыр болды. Біздің алдымызда қызметкерлеріміздің денсаулығын сақтау міндеті тұрды. Қызметкерлерді жұқпалы індеттен қалай қорғау туралы мәселе қаралған кезд өндірісте санитарлық талап сақталмайтын жалғыз орын автобустар екендігі белгілі болды. Адамдарды тасымалдау үшін қосымша екі автобус жалдадық. Бірен-саран адам ғана ауырды. Биыл ұжымда вакцинация жүргізілді. Біз үшін басты құндылық - адамдар. Екінші құндылық - біздің өніміміз, - деді С.Максимец.
Айтпақшы, пандемия кезінде кәсіпорын қажетті құжаттарды алып, өз базасын антисептик құралдарымен зарарсыздандырды.
100-ден аса өнім түрлерін шығаратын компания Ресеймен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде Самараға, Омбыға және Мәскеуге Turan және Burabay Qulager табиғи суын жеткізу жолға қойылған.
Сәуір-мамыр айларында компания өнімді тоқтаусыз жеткізді. Күніне 10 вагонға дейін жөнелтілді. Біз үшін бұл өте маңызды. Өйткені бұл кепілдендірілген жұмыс орындары мен тұрақты жалақы. Қазір бас компания келісім жасады, біз Мәскеу мен Самараға өнімдерімізді жөнелттік. Енді олар бізге тапсырыс бере алады. Біз сондай-ақ біздің сусындарымызды рейс жолаушыларына тарататын "SCAT" авиакомпаниясымен ынтымақтастамыз. Енді «Air Astana» әуе компаниясымен байланыс орнатуды жоспарлап отырмыз. Нұр-Сұлтан мен Алматының көптеген мейрамханалары «Turan» суына тапсырыс беруде. Адамдар табиғи судың маңыздылығын түсіне бастады. Ал біздің міндетіміз – оларға қолжетімді, пайдалы және сапы өнім жеткізу, - деп түйіндеді Станислав Максимец.