Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шіліңгір шілде: Елімізде 47 градусқа дейін ыстық болады

2 Шілде 2025, 19:05
8282
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 3–5 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәлім еткендей, республиканың басым бөлігінде ауа райын циклон мен атмосфералық фронттар айқындайды. Бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

4–5 шілде күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында нөсер жауын мен бұршақ болуы мүмкін. 

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Еліміздің басым бөлігінде күндізгі температура 35 градусқа дейін жететін қатты ыстық болады. 

4–5 шілдеде еліміздің орталығы мен шығысында өте қатты ыстық болады деп болжанған. Шамамен бұл күндері күн райы 40–42 градусқа дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 35–40 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 43–47 градусқа дейін жетуі мүмкін. 

Алайда солтүстік өңір тұрғындарына бәріне де дайын болу ұсынылады. Өйткені аптап ыстықтан кейін күн күрт суытуы мүмкін. 

5 шілдеде солтүстік пен орталықта күндіз ауа температурасы 18–25 градусқа дейін төмендейді.

Өзгелердің жаңалығы