«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы шілде айына арналған алдын ала қуаңшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, шілде айында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қуаңшылық қаупі бар аумақтардың көлемі ұлғаюы мүмкін. Сонымен қатар жауын-шашын негізінен жергілікті және қысқа мерзімді сипатта болады.
Алдын ала болжам бойынша, орташа қуаңшылық мына өңірлерде күтіледі:
Павлодар облысында – Ақтоғай, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты және Май аудандарында;
Қарағанды облысында – Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарында, сондай-ақ Шемонаиха және Өскемен қалаларының маңында;
Абай облысында – Аягөз, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Мақаншы аудандарында және Жаңасемей ауданында;
Алматы облысында – Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жетісу облысында – Алакөл, Қаратал және Панфилов аудандарында;
Жамбыл облысында – Қордай, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Талас аудандарында;
Түркістан облысында – Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара және Жетісай аудандарында;
Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Ал орташа ылғалды жағдай:
Қостанай облысында – Қарабалық және Жітіқара аудандарында;
Ақтөбе облысында – Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандарында және Ақтөбе қаласында күтіледі.
Еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы шілде айына тән көпжылдық нормаға жақын болады деп болжанып отыр.
«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, алдын ала болжам қажет болған жағдайда алдағы уақытта нақтыланады.