Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" шілде айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жасады.
Жауын-шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Айтеби ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында болады.
Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаев қаласында (бұрынғы Қапшағай) орташа ылғалдылық болжанып отыр.
Шілде айындағы құрғақшылықтың болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады, дейді синоптиктер.