Шілде айында ауа райы қандай болады?

1 Шілде 2023, 09:05
1116
Бөлісу:
Шілде айында ауа райы қандай болады?
Фото: - архив

Синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батыс облыстарына Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Орталық Азиядан жылы ауа массаларының келуімен ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа жоғарылайды; оңтүстік-батыста түнде +15+22°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +33+40°С-қа дейін.

Елдің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының ауысуымен температура фонының ауытқуы болады:

елдің солтүстік-батысында түнде +12+23°С-тан +10+18°С-қа, күндіз +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;

солтүстікте, ел орталығында түнде +7+17°С-тан +15+20°С-қа, күндіз +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;

шығыста түнде +3+13°С-тан +13+20°С-қа, күндіз +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +12+20°С-тан +20+25°С-қа, күндіз +25+33°С - тан +33+38°С-қа дейін, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде +5+10°С-тан +8+13°С-қа, күндіз +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін.

оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін;

Бірінші онкүндік бойы атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты жаңбырмен, жекелеген күндері жаңбырмен, найзағаймен, бұршақпен, қатты желмен екпіні 15-28 м/с дейін айдың басында елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның басым бөлігінде байқалады, ал осы кезде батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды деп болжануда.

Екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде негізінен ыстық және аз бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруіне байланысты, ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа райымен кезектеседі. Ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін;

Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы елдің  солтүстік жартысында климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында - нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында нормадан көп, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қостанай облысының батысында - нормадан аз болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы