Шикізаттың жетіспеушілігінен елде күнбағыс майы қымбаттауы мүмкін

12 Тамыз 2023, 02:44
687
Бөлісу:
Шикізаттың жетіспеушілігінен елде күнбағыс майы қымбаттауы мүмкін
Фото: архив

Күзде күнбағыс майы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы хабарлады. Бұған шикізат тапшылығы себеп болмақ.

Шығыс Қазақстан, Абай мен Павлодар облыстарында құрғақшылық салдарынан өнім 40 процентке аз жиналады деген болжам бар. Күнбағыс өсіруші елдер Украина мен Ресейде де өнім жылдағыдай емес. Сондықтан қауымдастық өкілдері сұйық майдың қымбаттайтынын болжап отыр. Қазір оның орташа бағасы литріне 500-550 теңге болса, күзде 800-900 теңгеге жетуі ғажап емес дейді. Сондықтан шикізат тапшылығының алдын алуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы