Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.
Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.