Бүгінге дейін шетелге заңсыз кеткен 670 миллиард теңгеге жуық актив қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
Бүгінгі күні шамамен 670 млрд теңге қайтарылды. Бұл ресми дерек. Бұл ақпаратты Бас прокуратура таратып отыр, - деп айтты Ерұлан Жамаубаев.
Еске сала кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды.