Шетелге шыққан заңсыз актив. Jusan Bank түсініктеме берді

16 Ақпан 2023, 13:14
593
Бөлісу:
Шетелге шыққан заңсыз актив. Jusan Bank түсініктеме берді
Фото: А. Ахметқазы

Jusan Bank - Қазақстанның ең сенімді әрі қаржылық жағынан тұрақты банктерінің бірі. Мұндай мәлімдемені банк ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Jusan Bank – Қазақстанның ең сенімді, қарқынды дамып келе жатқан және қаржылық жағынан тұрақты банктердің бірі. Банк пен оның негізгі акционерлері – Қазақстан Республикасының азаматтары. Қаржы институты реттеушінің және ұлттық заңнаманың барлық талаптарын орындайды. Сондықтан Бас прокуратура «Jusan» тобына қатысты талап-арыз бойынша ақпараттық хабарламасында атап өткендей, Jusan Bank қызметі бұл талқылаулардың нысанасы емес екенін ескерген жөн, - делінген банктің ресми мәлімдемесінде.

Jusan Bank – елдегі ең ірі банктердің бірі. Қазақстандағы ең ірі банктердің арасында капиталдың активтерге шаққандағы көрсеткіші бойынша 1-орында және меншікті капиталы бойынша 3-орында тұр.

Банктің қазіргі көрсеткіштері пруденциалдық нормативтерінен айтарлықтай жоғары, бұл оның қаржылық жағдайы жоғары деңгейде және ұйымның несие тәуекелі төменгі деңгейде екенін көрсетеді. 

Банктің меншікті капиталы 542 млрд теңгеге тең. Бұл ретте капитал резерві 395 млрд теңгеге жетеді. 

Банктің кешіктірілген несиені жабу резервінің деңгейі жоғары, бұл қолданыстағы қарыздарды 225%-ға өтейді.

Банктің ликвидті активтері 1,5 трлн теңгеге жетеді, бұл клиенттердің қолданыстағы қаражатын толық көлемде өтейді. 

Банк белсенді түрде ел экономикасын несиелендіруде. 2022 жылы клиенттерге берілген несие көлемі 12%-ға артты. Былтыр клиенттердің жалпы базасы 55%-ға артып, бүгінде Қазақстан бойынша жеке және заңды тұлғалардың саны 3 миллионға жетті. 

Жалпы банк бизнесті жүргізудің ашықтық қағидатын ұстанып, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуды жалғастыра бермек. 

Jusan Bank қызметін қалыпты режимде жалғастырады, клиенттер алдындағы барлық міндеттер орындалады. 

Бұған дейін экс-депутат Ерлан Саиров Jusan банкінің шетелге заңсыз асып кеткен активтерін қайтару бойынша жұмыс қалай жүргізілетінін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы