Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелге қаражатты заңсыз шығарған компания 153 млн теңге айыппұл төлейді

14 Сәуір 2025, 19:29
938
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Прокурордың өтініші бойынша компанияға шетелге қаражатты заңсыз шығарғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, Ақтау қаласының прокуратурасы ҚР 1,8 млн АҚШ долларын валюталық заңнаманың талаптарын бұза отырып шетелге шығарған "Б" компаниясына қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысына өтінішхат келтірді.

Прокурордың өтінішін қарау нәтижесінде облыстық сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Қабылданған шешім валюталық операцияларды реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау маңыздылығын растайды және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.

Прокуратура заңдылықтың сақталуын қадағалау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы