Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмек ресімдеу мүмкіндігі алып тасталды

11 Қараша 2024, 10:47
294
Бөлісу:
Шетелге көшіп кеткен азаматтарға дәрі-дәрмек ресімдеу мүмкіндігі алып тасталды
Фото: Жоғары аудиторлық палата

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға МӘМС бойынша дәрі-дәрмек ресімдеу мүмкін болмауы үшін ақпараттық жүйесін жетілдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Еске сала кетейік, мұндай жағдайлар биыл жазда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталды.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Бүгінгі күні «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды медициналық мекемелерден есептен шығару үшін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан тікелей мәлімет алады.

Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осындай мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру тоқтатылды.

Осылайша, Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының тармақтарының бірі орындалды. Қалған тапсырмалардың іске асырылуы бақылауда қалады.

Өзгелердің жаңалығы