Шетелдіктер жергілікті тұрғындармен бірге Жайық жағалауын нығайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен демалыс күндері шетелдік кәсіпорындар жұмысшылары тұратын Достық қаласының 60-тан астам тұрғыны өзен бойындағы бөгеттерді салуға атсалысты.
Жұмысты ұйымдастырушы Оңтүстік Луизианадан келген - Джон Фелл. Су тасқынына дайындықты бала кезінен білетінін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Себебі, Джон өмірге келген Оңтүстік Луизианада жылына 3-4 рет су тасқыны болады. Джон су тасқыны басталғаннан бері еріктілерге көмектесіп келеді, сонымен қатар басқа шетелдіктер сияқты қаланың басқа бөліктеріндегі жағалауларды қорғау жұмыстарына қатысып жүр.