Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде жүрген шет ел азаматтары соңғы жылдары 65 адамды өлтіріп, 16 балаға азғындық жасаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов айтты, деп жазды turkystan.kz «AstanaTV»-ға сілтеме жасап.
Ерлан Смайловтың айтуынша, 5 жылда Қазақстанға 20 мыңнан астам шетелдік келген. Олар жасаған қылмыстың көптігі бақылауды күшейтуді талап етеді. Бұл аралықта шет елден келген 400 мыңға жуық адам жауапқа тартылған.
Шетелдіктер 5 жылда 11 мыңға жуық қылмыс жасады. Оның ішінде, 65-і адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 249, зорлау – 156, балаларға азғындық жасаған 16 факті бар, – деді Мәжіліс депутаты.