Шетелдік сарапшылар елдің батысында «белгіленген аумақты» инспекциялады

29 Маусым 2024, 16:08
422
Бөлісу:
Шетелдік сарапшылар елдің батысында «белгіленген аумақты» инспекциялады
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатын орындау аясында Бельгияның әскери сарапшылары Франция мен АҚШ өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысында «белгіленген ауданды» тексерді.

Ақтау қаласының теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы мен авиация базасының басшылығы әскери инспекторларға қару-жарақ пен әскери техниканың қолда бар үлгілері, оқу-жаттығу полигондарының ағымдағы әскери қызметі, әскери қызметшілердің республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысуы туралы брифингтер өткізді.

Шетелдік сарапшыларға сондай-ақ, Әскери-әуе күштеріндегі армия авиациясының әскери-көліктік тікұшағымен «белгіленген аумақты» айналып ұшып, әуе инспекциясын жүзеге асыруға мүмкіндік берілді.

Іс-шаралар өзара түсіністік пен ашықтық жағдайында өтті. Инспекторлар жыл сайынғы ақпарат алмасу шеңберінде бұрын берілген мәліметтің толық сәйкестігін және Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді орындайтынын атап өтті.

Бельгияның инспекциялық тобы ҚР Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының өкілдеріне және бөлімдер басшылығына инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің кәсіби деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы