Шетелдік сарапшы діни лидерлердің негізгі міндетін атады

6 Қазан 2021, 12:48
1610
Бөлісу:
Шетелдік сарапшы діни лидерлердің негізгі міндетін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Шейх-уль-ислам, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Гаджи Аллахшукюр Паша-заде (Әзірбайжан) діни лидерлердің негізгі міндетін атады.

Құрметті отырысқа қатысушылар, бүгін Әзірбайжан Республикасы Президенті атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының мүшелеріне құттықтауын жеткізгім келеді. Сондай-ақ Хатшылықтың жұмысын ұйымдастырушыларына алғысымды білдіргім келеді, - деді ол.

Гаджи Аллахшукюр Паша-заденің сөзінше, 2018 жылы қазанда өткен VI Съезге қатысқанда діндердің негізгі рөлін, қауіпсіздігі, өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы туралы хабарлаған еді. Біз жаһандық қақтығыстар мен климаттың өзгеруін, қазіргі пандемияға байланысты кезеңдерді күтпеген едік. Осынау қиын кезеңде барлық әлем, соның ішінде діни көзқарастар қазіргі өмірге бағытталып жатыр.

18 жыл бұрын Қазақстанның көшбасшысы, Орталық Азияның беделді азаматы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діндер арасындағы диалогты ұйымдастырып, негізін қалағанын атап өткім келеді. Бүгінгі таңда Елбасының салиқалы шешімдерінің арқасында осы отырыста пікір алмасуға мүмкіндік туып отыр. Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі қазіргі кезде Қазақстанның прогрестерін, құнды идеяларды ілгерілету және осы диалогты жүргізу қазіргі кезеңдегі идеология мен діндердің арасындағы диалогты ұйымдастыруға ықпал жасап отыр, - деп айтты Әзірбайжандағы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы.

Халықаралық сарапшы баяндағандай, бүгін ксенофобия, сомофобия сияқты қақтығыстарды, агрессияны, кемсітушілікті туындататын құбылыстар шынайы саяси және әлеуметтік қатерге айналды.

Идеологиялық ықпалдың нәтижелеріне қарасақ, әр түрлі кері жайттар, қақтығыстар мен адамдар арасындағы бөлінуге, геноцидтерге, шиеленістерге алып келуде. Осы ретте діни лидерлердің міндеті – осындай қылмыстардың алдын алу. Яғни демократия, сөз еркіндігі деген желеумен қайшылықты туындатып жатқан адамдардың пиғылдарын өзгертіп, оларды болғызбаудың, қақтығыстарды алдын алудың шараларын жүргізуі керек, - деп толықтырды Шейх-уль-ислам, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Гаджи Аллахшукюр Паша-заде Пирамидада өткен отырыста.

Ксенофобияны, экстремизмді және дінге сенушілердің орындарына қарсы жасалып жатқан кемсітушіліктерге, кері пікірлеріне әсеп етіп, оларға қарсы тұру керегін айтты.

Ол елде зардап шеккен діни орталықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.



Өзгелердің жаңалығы