Шетелдік көліктерді тіркеу: Алаяқтыққа жол берілмейді - ІІМ

12 Қаңтар 2023, 13:18
1497
Бөлісу:
Шетелдік көліктерді тіркеу:  Алаяқтыққа жол берілмейді - ІІМ

Заңсыз жасалған құжаттар біздің тіркеуден өте алмайды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Шетелдік көліктерді заңдастыралады деген жаңалық таралғаннан бері халық арасында «қолдан құжат жасай саламыз» деген әңгіме тарап жатыр. Бізде осындай заңсыздықтарды анықтайтын барлық мүмкіндіктеріміз бар ма?

Бұл көліктерді заңдастыруға алып келген кезде біз ол автокөліктердің қай елде және қай жерде тіркеуде тұрғанын міндетті түрде тексереміз. Екіншіден, көлік қай уақытта шекарадан өткенін, сонымен бірге ол кедендік кедендік баж салығын төлеген бе, төлемеген бе ол да қаралады. Үшіншіден, біздің тіркеу пунктарында арнайы полиция қызметкелері - эксперт-криминалистер. Олар автөліктің нөмірін және оның бөлшектерінің нөмірін, ондағы құжатты заңды не заңсыз екенін жіті тексереді, - деді Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы