Шетелдік инвестициялар ағыны артты

3 Сәуір 2023, 14:00
1057
Бөлісу:
Шетелдік инвестициялар ағыны артты
Фото: egemen.kz

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны соңғы 10 жылдағы рекордтық мәнге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер министрлігі 2022 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар туралы мәліметпен бөлісті. Өткен жылы елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд АҚШ долларын көлемінде болды. Айта кеткен жөн, бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы рекордтық сандарға теңеседі. 2012 жылы 28,9 млрд АҚШ доллары болған.

Жалпы елдер бөлінісінде ең көп инвестиция келесі мемлекеттерден құйылған:

• Нидерландтан – 8,3 млрд доллар;
• АҚШ-тан – 5,1 млрд доллар;
• Швейцариядан – 2,8 млрд доллар;
• Бельгиядан – 1,6 млрд доллар;
• Ресейден – 1,5 млрд доллар;
• Оңтүстік Кореядан – 1,5 млрд доллар;
• Қытайдан – 1,4 млрд доллар;
• Франциядан – 770 млн доллар;
• Ұлыбританиядан – 661 млн доллар;
• Германиядан – 469,5 млн доллар көлемінде түсті.

Сондай-ақ министрлік мәліметніше, салалық бөліністе инвестициялардың ағыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 12,1 млрд доллар (25%-ға өсу), өңдеу өнеркәсібіне – 5,6 млрд доллар (+2,7%), көтерме және бөлшек саудаға – 5,1 млрд доллар (+36%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметі – 1,2 млрд доллар (2,2 есе), көлік және қоймалау – 1,2 млрд доллар (+13,5%) көлемінде тиесілі.

Еліміздегі өңірлер бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына (8,3 млрд доллар (өсім 48,3%)) және Алматы қаласына (7,6 млрд доллар (+10,9%)) құйылған. Одан кейінгі орындарда Астана қаласы – 2,2 млрд доллар (+107,2%), Шығыс Қазақстан облысы – 2,2 млрд доллар (+3,1%), Ақтөбе облысы – 1,2 млрд доллар (11,2%-ға төмендеу) орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы