Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шетелдік БАҚ: АҚШ соққысынан кейін Мадуроның қайда екені белгісіз

Кеше, 18:04
672
Бөлісу:
 Sky News
Фото: Sky News

АҚШ-тың соққыларынан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуроның қайда екені әзірге белгісіз, ал оның ең жақын айналасындағы кейбір адамдардың қауіпсіз екені айтылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың Каракасқа жасаған соққыларынан кейін Николас Мадуроның нақты қай жерде жүргені белгісіз, оның төңірегіндегі бірқатар тұлғалар аман екені мәлім.

Қазір Мадуроның қайда екенін нақты білмейміз. Алайда оның айналасындағы адамдармен сөйлескен екі дереккөздің айтуынша, кем дегенде олардың кейбірі қауіпсіз жерде, - делінген The New York Times жариялаған мақалада.

Венесуэла вице-президенті Делси Родригес ел үкіметі президент Николас Мадуро мен оның жұбайының нақты қайда екенін және олардың тірі екен-тірі емес екенін білмейтінін мәлімдеді.

Sky News дерегінше, вице-президент АҚШ билігінен "президенттің тірі екенін дереу растауды" талап еткен.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, Венесуэладан шығарылғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы