Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Мексикода кино түсірілімі кезінде белгілі актер Алек Болдуин операторға абайсызда оқ атты.
Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлады.
Оқыс оқиға Санта-Фе маңында басты рөлде Алек Болдуин ойнайтын фильмді түсіру кезінде болған. Актерлер оқ атуы керек сәтте қарудың әскери оқтармен оқталғаны белгілі болған.
Фильм режиссері иық сүйегінен жарақат алған, ал 42 жастағы оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.Шериф кеңсесі қару-жарақтан оқ атқан Алек Болдуин екенін растады, - делінген Санта-Фе округі шерифінің хабарламасында.
Санта-Фе округіндегі шериф кеңсесінің өкілі Хуан Риос Болдуинге әлі ешқандай айып тағылмағанын айтты.