Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті хабарлады.
Атырауға 20 - 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді. Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы - қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.
Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.