Шетелдегі сайлау учаскелері ашық

19 Наурыз 2023, 04:40
782
Бөлісу:
Шетелдегі сайлау учаскелері ашық
Фото: gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ телеграм каналына сілтеме жасап.


Шетелдегі барлық сайлау учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Өзгелердің жаңалығы