Шетелде жүрген 17 қазақстандық еңбек құлдығынан құтқарылды – Сыртқы істер министрлігі

Шетелде еңбек құлдығына түскен 17 қазақстандық елге қайтарылды.

30 Шілде 2026, 17:11
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 30 Шілде 2026, 17:11
30 Шілде 2026, 17:11
235
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

2026 жылдың басынан бері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің ықпал етуімен Азия елдерінде заңсыз ұсталып, еңбек қанауына түскен 17 Қазақстан азаматы отанына қайтарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек тұзағына қалай түсіреді?

Осындай өтініштердің басым бөлігі Мьянма, Лаос және Камбоджаның жекелеген аймақтарымен байланысты. СІМ мәліметінше, азаматтар мұндай схемаларға көбіне әлеуметтік желілерде және әртүрлі интернет-платформаларда таралатын жоғары төленетін жұмыс туралы хабарландырулар арқылы тартылады. Бұл ретте бірқатар жағдайларда Таиланд пен Вьетнам транзиттік елдер ретінде пайдаланылады.

Қанша азамат үйіне қайтарылды?

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2022 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінің ықпал етуімен Мьянмадан 49 азамат қайтарылды.

Бұдан бөлек, 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша тағы 5 қазақстандықтың оралуы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ азаматтарды қайтаруға Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі де көмек көрсетті.

Дипломаттардың жұмысы арқасында Камбоджадан 8 қазақстандық және Лаостан 4 азамат үйіне оралды.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның шетелдік мекемелері шетелде заңсыз ұстауға және еңбек қанауына тап болған ондаған азаматтың үйіне оралуына көмектесті.

Алаяқтардың арбауына қалай түсіп қалмау керек?

Ведомстводағылар қазақстандықтарды шетелдегі жұмыс туралы ұсыныстарға мұқият қарауға шақырды. Сапарға шықпас бұрын жумыс берушілер мен делдалдарды мұқият тексеру, жеке құжаттарды үшінші тұлғаларға бермеу және шетелге шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

 

Наверх