Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазОжРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрлан Балтабеков «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық конференцияда айтты.
Онколог өкпе рагына әкелетін басты себеп адамдардың шылым шегу әдеті екенін айтады. Шлым шегумен күресті үдетпей онкологиялық ауруды жеңі мүмкін емес.
Біз өкпе рагымен күресу жайлы айтамыз, бірақ ол сөз жүзінде қалып қояды. Мәселен, Швецария, Францияда жұмыс істегенімде онколог дәрігерді темекі шеккені үшін лицензиясынан айырған кез болды. Егер сен темекі шексең науқасты емдеп, оның денсаулығы үшін жаның ауырмайды деген сөз. Сен өз денсаулығыңа немқұрайлы қарасаң, өзгенікіне тіптен алаңдамайсың деп қарайды. Яғни ол жақта өкпе рагын емдейтіндер арасында темекі шегетіндер жоқ. Бізде бұл жағынан әлі мәселе бар, темекі шегу жағын шешпейінше болашағымыз қауіпті қалпында қала береді,-дейді онколог.
Қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, жыл сайын 2 миллионнан астам адам өкпе қатерлі ісігімен ауырады, олардың үштен екісі – ер адамдар.
Айта кетсек, Алматыда «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Қазақстандық онкологтар қауымдастығы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға Италия, Түркия, Испания, Ресей, Белоруссия және Қазақстанның онкологиялық орталықтардың сарапшылары қатысып жатыр.