Шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтары қалай қорғалады? Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, жылдан жылға шетелге жұмыс іздеп баратын қазақстандықтардың саны артып келеді.
Еліміздің азаматтары көбіне Ресей, Корея, Түркия және Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуде. Биыл 135 мың қазақстандық шетелде жұмыс істеп жатыр. Осы кезекте, жалақысы жоғары жұмыс орнына кіру үшін және сол елде бейімдеу мақсатында оларды кәсіби дайындау жұмысы өте маңызды. Осыған байланысты, сапарға дейінгі дайындық орталығын құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен тиісті жұмыстар қолға алынды, олар біріккен ассоциация құрып жатыр. Олар алдағы уақытта migration.enbek.kz порталына тіркеледі. Сонымен бірге, тиісті біріңғай тарифтер белгіленіп, қадамдық алгоритм айқындалды, - деді Ерболат Абулхатин орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Еске салайық, бұған дейін биыл елімізге қанша қандас көшіп келгенін жазған едік. Сонымен қатар биыл елімізге келген білімді адамдардың үлесі туралы да жазған болатынбыз.