Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы 2025 жылы декларацияны кімдер тапсыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
250-ші нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тек шетелде мүлкі бар және жеке практикамен айналысатын адамдар, оның ішінде адвокаттар мен жеке сот орындаушылары тапсырады. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарына сәйкес бізде сайланған кандидаттар бар. Яғни депуаттар мен мемлекеттік қызметке тұрғалы жатқан азаматтар да декларация тапсыруға міндетті. Сонымен қатар декларация банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар үшін де сақталады, - дейді Көптілеуұлы Қаржы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бас сарапшы "шетелдегі мүлік" терминіне не кіретінін тоқталды. Егер шетелде тізімдегі мүліктеріңіз болса, төменде көрсетілген 250-ші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруыңыз керек:
- Жылжымайтын мүлік көлік;
- Егер шетелдегі банк шоттарында 1000 айлық көрсеткіштен асып кететін қаражат;
- Инвестициялық бағалы металдар;
- Тұрғын үй құрылысына үлес;
- Брокерлік шотта қаражат;
- Девиторлық және кредиторлық берешек.
Еске салсақ, Бұған дейін мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгеріс бар екенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Ерсайын Көптілеуұлы садақа мен қайырымдылыққа жиналған ақшаның қалай тексерілетінін айтты.