Экспаттар үшін ең арзан және ең қымбат қалалар анықталды. Сауалнама нәтижелері бойынша шетелде өмір сүруге ең тиімді және ең қымбат елді мекендердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ DailyMail -ға сілтеме жасап.
Шетелдіктер үшін ең арзан қалалар
Валенсия (Испания)
Испанияның Коста-Бланка жағалауындағы шуақты Валенсия қаласы — шетелдіктер үшін ең қолжетімді мекен ретінде танылды. Бұл жерде тек табиғат көркем емес, өмір сүру де тиімді.
Зерттеуге сәйкес, Валенсияға көшкен шетелдіктердің 77 пайызы өз тұрмысына риза. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден (54%) әлдеқайда жоғары. Ал 61 пайызы табыстарының жайлы өмір сүруге толық жететінін айтады.
Пәтер жалдауға немесе медициналық қызметке ақша жетпей қала ма деп уайымдамайтыным ұнайды, — дейді қалада тұратын америкалық эмигрант.
Панама-Сити (Панама)
Қолжетімділік бойынша екінші орында — Панаманың астанасы Панама-Сити. Бұл қалада да қаржылық қиындықтар шетке ығысты.
Сауалнамаға қатысқан шетелдіктердің 76 пайызы материалдық жағдайларына риза. Ал 91 пайызы табыстарының күнделікті қажеттіліктерден артық екенін мәлімдеген. Панама-Сити әсіресе зейнет жасына жеткен эмигранттар үшін қолайлы: әр оныншы адам бұл қалаға "алтын жастарын" тыныштықта өткізу үшін көшіп келген.
Мұндағы өмір тыныш, әрі арзан, - дейді Ямайкадан келген экспат.
Малага (Испания)

Үшінші орынды тағы да Испания иеленіп отыр. Бұл жолы — елдің оңтүстігіндегі теңіз жағасындағы шағын әрі жайлы Малага қаласы.
Зерттеуге сәйкес, мұндағы шетелдіктердің 72 пайызы өмір сүру құнына риза. Ал 38 пайызы “өз жағдайларына толық қанағаттанатындарын” айтқан. Жұмсақ климат, дамыған инфрақұрылым мен қолжетімді бағалар Малаганы эмигранттар үшін аса тартымды етіп отыр.
Шетелдіктер үшін ең қымбат қалалар
Ванкувер (Канада)

Ең қымбат қала ретінде Ванкувер танылды. Мұнда өмір сүру арзаншылықтан алыс.
88 пайыз шетелдік "бұл қалада тұру — арзан ғанибет емес" десе, 65 пайызы табыстарының жайлы өмір сүруге жетпейтінін айтқан. Әсіресе, тұрғын үй жалдау мен күнделікті шығындар экспаттарды қатты қинайды.
Тұрмыс тым қымбат. Әлеуметтік ортаға араласу үшін де қосымша қаражат қажет, - дейді түрік эмигранты.
Торонто (Канада)
Екінші орынды тағы бір канадалық мегаполис — Торонто иеленді. Мұнда да өмір сүру арзан емес, шетелдіктердің 81 пайызы "тұрмыс тым қымбат" дейді.
Кафеге бару немесе бір нәрсе ішу — қазір мен үшін үлкен салтанат. Германия мен Испаниядағыдай өмір сүру мүмкін емес, - дейді испан эмигранты.
Лондон (Ұлыбритания)
Қымбат қалалардың үштігін британ астанасы Лондон түйіндейді. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы бұл қалада тұру "тым қымбат" десе, 46 пайызы табыстарының жетіспейтінін айтқан.
.jpeg)
Жалақымыз өмір сүру бағасымен сәйкес болса ғой, - дейді Лондонда тұратын америкалық эмигрант.
Тағы бір маңызды дерек:
Дублин де ең қымбат қалалар қатарынан табылып отыр. Одан кейінгі орындарды Осло, Мюнхен, Сингапур, Окленд, Нью-Йорк және Париж секілді ірі мегаполистер иеленді.
Ал Испания арзан әрі жайлы өмір сүру үшін ең үздік елдердің бірі болып қала беруде: Валенсия мен Малагадан бөлек, Аликанте де арзан қалалар тізімінен орын алған.
Сондай-ақ, Мехико, Бангкок, Куала-Лумпур, Рас-эль-Хайма, Варшава мен Вена секілді қалалар да бюджеттік өмір салтын ұстанғысы келетіндер үшін нағыз табыс болып отыр.