Шетелде 34 референдум учаскесі өз жұмыстарын бастады

Шетелде алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады.

 Орталық коммуникациялар қызметі Кеше 2026, 09:24
Кеше 2026, 09:24
216
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгінгі күнгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, шетелде 34 референдум учаскесі өз жұмыстарын бастады. Оларда дауыс бергендер саны 350 адамды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелде алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов ОКҚ алаңында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн-марафоны барысында хабарлады.

Жалпы Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 54 мемлекетте 71 референдум учаскесі құрылды. Шетелде дауыс беретін қазақстандықтардың жалпы саны 14 380 адамды құрайды, – деді Арман Исетов.

Сонымен қатар, 14-16 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне көмек көрсету орталықтары» жұмыс істейді.

Наверх