Шетел азаматынан 22 тонна темекі тәркіленді

6 Сәуір 2022, 00:18
1497
Бөлісу:
Шетел азаматынан 22 тонна темекі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында экономикалық контрабандамен айналысқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. 

Шетел азаматы жалған құжаттарды өтірік транзит схемасымен Қазақстан аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген, – делінген хабарламада.

Күдікті Әзербайжаннан Ауғанстанға, Қазақстан бойынша Маңғыстау облысының Құрық теңіз портынан Жамбыл облысына дейін транзитке жалған мәлімделген темекісі бар жүк көлігін жүргізген.

Ол Алматы облысының аумағында заңсыз жүкті түсіріп жатқан жерінен ұсталды.

Сот шешімімен Қазақстанға заңсыз әкелінген жүк мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы