Шешенстанда комендаттық сағат енгізілді

3 Сәуір 2020, 10:07
1624
Бөлісу:
Шешенстанда комендаттық сағат енгізілді

Алматы, BAQ.KZ. Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров 3 сәуірден бастап сағат 20:00 ден 08:00 дейін комендаттық сағат енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС хабаралады.

Республиканың барлық елдімекені бойынша көлік пен жаяу жүргіншілерге шектеу қойылады. 

Үшінші сәуірден бастап карантин режимін күшейтеміз. Кешкі сағат 20:00 ден 08:00 дейін ШР-ның барлық елдімекені бойынша көлік пен жаяу жүргіншілердің жүруіне тиым салу шешімі қабылданды. Түнгі уақытта жүруге құқылы қызметтердің тізімі жасалып, тиісті ведомстваларға жеткізілді,-деп жазды Қадыров Telegram-каналында.

Сонымен қатар, ол бұл коронавирусты таратпау жолындағы мәжбүрлі шара екенін түсіндірді.

Бейсенбі күні Қадыров 5 сәуірден бастап Шешенстан Республикасының әкімшілік шекарасы арқылы өтетін көлік қозғалысының барлық түрі тоқтайтынын мәлімдеген, оның ішінде пойыз бен әуерейтері де бар.

Өзгелердің жаңалығы