Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша келесі сот отырысы 17-18 сәуірде өтетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айыпталушыларды айыптау туралы басты сот талқылауы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 10:00-де өтетін болып шешілді.
Басты сот талқылауы ашық сот мәжілісінде өткізіледі және отырыс қазақ тілінде жүргізіледі. Одан кейінгі сот отырысы 18 сәуірде сағат 10:00-де болады, яғни аптасына екі отырыс өтеді, - деді судья Ержан Жанұзақов.