Шенген визасы 12% қымбаттады

8 Маусым 2024, 10:36
338
Бөлісу:
Шенген визасы 12% қымбаттады
Фото: senate.parlam.kz

Шенген визасының ақысы өсті. Еуропаға сапарлағысы немесе жұмыспен барғысы келетін қазақстандықтар үшін виза 12 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шенген визасы ересектер үшін 80-нен 90 еуроға өсті. Ал балалар бұған дейін визаны 40 еуроға рәсімдесе, енді оның құны 45 еуро болды.

Еурокомиссия бекіткен жаңа тариф 11 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұған Еуроодақ елдеріндегі инфляция әсер еткен. Дегенмен ресми Брюссель визалардың ішінде ең қолжетімдісі Шенген екенін атап өтіпті. Мәселен Америка Құрама Штаттары, Аустралия мен Ұлыбритания визалары адам басына 130 еуродан басталады.

Өзгелердің жаңалығы