Ақтөбелік шенеуніктер қаржы жымқыру фактісіне қатысы тексеріліп жатыр

5 Қазан 2020, 20:11
1466
Бөлісу:
Ақтөбелік шенеуніктер қаржы жымқыру фактісіне қатысы тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

«Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілерін құрылысы мен жөндеу» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын «Ақтөбе қаласының бір тұрғын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша» мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісімшартқа қол қойылғаны белгілі болды, – делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алайда, жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, салдарынан алдын ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 21,8 млн теңгені құрады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы, 4-б., 2-т. сәйкес (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы