Шектеу шараларымен «омикронның» елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз – Бекшин

10 Желтоқсан 2021, 16:25
1334
Бөлісу:
Шектеу шараларымен «омикронның» елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды және қала «жасыл» аймақта орналасқан.

Бұл - вакцина алудың нәтижесі. Оған қоса қалада шектеу шаралары енгізілді, бұл да вакцинацияға үлкен көмек берді. Қала тұрғындарының 50 пайызы вакцина алды, біздің мақсатымыз оны 80%-ға дейін жеткізу. Қаладағы ұжымдық иммунитет 57,3%, – деді ол.

Бекшин сонымен қатар әлемді коронавирустың омикрон нұсқасы алаңдатып отырғанын, оның потогендігі дельта штамымен салыстырғанда 3 есе жоғары екенін атап өтті.

Ол АҚШ, Еуропа және көрші Ресейде анықталды. Шектеу шараларымен оның елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз, дегенмен жаппай вакцина алу арқылы оның таралуын тоқтата аламыз. Вакцинаның екі компонентін алғандар арасында вирусты жұқтыру төмен және ол жеңіл өтеді, – деді Бекшин.

Сондай-ақ ол омикрон штамы анықталған елден келген жолаушылар 7 күн үйде оқшауланатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы