Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов

1 Қараша 2024, 17:28
339
Бөлісу:
Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапарының екінші күнінде Президент Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс спикері Қырғызстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Садыр Жапаровтың бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов

Ерлан Қошанов қазіргі таңда Орталық Азия тұтас өңір ретінде жаңа даму кезеңін бастан кешіп жатқанына, бұл кезеңді Қазақстан Президенті «Орталық Азия Ренессансы» деп атағанына назар аударды. Мәжіліс төрағасы мемлекет басшылары қабылдаған «Орталық Азия-2040» өңірлік ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруда парламенттердің белсенді рөл атқаруға ниетті екенін жеткізді.

Қырғызстан Президентіне Жогорку Кенеш төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесудің және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші мен Қазақстан Республикасы Парламенті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысының нәтижелері туралы ақпарат берілді. Мәжіліс спикері екіжақты қатынасты нығайтудағы Кеңес жұмысының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов

Парламентаралық кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси диалог пен өзара түсіністікті одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады. Оның тиімділігін көріп отырмыз. Кеше қырғыз әріптестерімізбен сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың келешегін талқыладық. Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігі салаларындағы ықпалдастыққа де ерекше көңіл бөлдік. Сонымен қатар біздің Кеңес заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға, туындаған мәселелер бойынша шұғыл шешімдер қабылдауға және парламенттеріміздің депутаттары арасындағы байланысты нығайтуға зор мүмкіндік береді, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері сондай-ақ Қырғыз Республикасына алдағы Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығына табыс тілеп, екі ел депутаттарының ТҮРКПА, ҰҚШҰ ПА, ТМД ПА секілді халықаралық алаңдарда және аймақ үшін жаңа форматтағы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Парламент спикерлерінің кеңесінде келісілген жұмысын атап өтті.

Қырғыз Республикасының басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін жолдап, оның жетекшілігімен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.

Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов

Айта кетейік, Қырғыз Республикасына ресми сапар аясында Мәжіліс пен Жогорку Кенеш депутаттарының екіжақты кездесуі өтті. Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші мен Қазақстан Республикасы Парламенті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің екінші отырысында кеңес туралы ереже қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы