Шекарадан кімдердің өтуіне рұқсат берілгені белгілі болды

26 Маусым 2020, 13:02
2228
Бөлісу:
Шекарадан кімдердің өтуіне рұқсат берілгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары Ғани Ағаділов карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатынын айтты.

Қазіргі таңда әлемде болып отырған падемия жағдайына байланысты біздің елдің, шетел азаматтарының атынан, сонымен қатар, бірталай ұйымнан шекараны кесіп өтуге байланысты әр түрлі сұрақтар келді. Енді осыған байланысты сұрақтарға жауап берсек. Өздеріңіз білетіндей, 11 мамырда елде төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік шектеулер жалғасып жатыр. Ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бекітілді. Санитарлық-эпидемологиялық жағдайға байланысты уақытша шектеу қойылған. Бұл ретте ҚР азаматтарына ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетел азаматтарына Қазақстаннан шығуға рұқсат берілген, - дейді Ғани Ағаділов.

Оның айтуынша, шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, жүк автокөліктерінің жүргізушілеріне және басқа тұлғаларға қолданылмайды.

Шектеулерге қатысты ақпараттармен ҰҚК ресми сайтында танысуға болады. Төтенше жағдай кезінде, кейін де мемлекетаралық жүк тасымалдауға ҚР шекарасына шектеу қойылған жоқ. Шекара қызметінің бөлімшелері жалпы карантин кезінде 100-ден аса чартерлік және автобуспен елге оралған 15 мыңнан аса қазақстандық азаматты бақылауды қамтамасыз етті. ҚР шекарасында 100 өткізу пункті бар, оның ішінде 51-і автокөлік өткізу пункті, 12-сі қазіргі уақытта пандемия жағдайы бойынша уақытша жабылған, - дейді департаменті бастығының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы