Шекарадан анықтамасыз өткендерге ПТР-тестілеу жүргізіледі

19 Қаңтар 2021, 18:28
1782
Бөлісу:
Шекарадан анықтамасыз өткендерге ПТР-тестілеу жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы «Атырау - Астрахань» мемлекеттік шекара бекетінде санитариялық – карантиндік пункті жұмыс істейді. 

Бұл жерде азаматтардың ел аумағына келуіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ шекарадан анықтамасыз өткен қазақстандықтарға ПТР-тестілеу жүргізіледі, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Өткен тәулікте мемлекеттік шекарадан 82 азамат өткен, оның ішінде 17 жаяу жолаушы, 65 жүк көлігі жүргізушісі бар, оның ішінде 11 ҚР азаматы анықтамасыз келгеніне байланысты ПТР тестілеуден өткен, барлық азаматтардың талдаулары «теріс» нәтиже көрсетті. 

Сондай-ақ, соңғы тәулікте ПТР тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз ҚР шекарасынан өтпек болған Ресей Федерациясының  1  азаматына елге кіруіне тыйым салынды.

Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап Атырау облысына 18 526 адам келген, 2 128  ПТР-тексеру жүргізілген, COVID-19-дың шеттен әкелінген 9 жағдайы тіркелген. Карантиндік стационарларға   273 ҚР азаматы орналастырылған. Анықтамасыз ел аумағына өтпек болған 246 шетел азаматтары шекарадан кері қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы