1 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша МКД "Тәжен" кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен және Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп спирттік ішімдіктер мен электрондық темекілерді заңсыз тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, 1987 жылы туған Өзбекстан Республикасы азаматының багажындағы жолаушылар мен көлік ағынын бақылау барысында Бұхара - Мәскеу бағыты бойынша 22 қорап алкоголь (JACK DANIELS вискиі), әр қорапта 12 бөтелке (1 бөтелке - 1 л) және электронды темекі (WAKA) - 460 қорап (1 қорап - 10 дана) табылды.
Іс жүзінде тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы
бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.