Шекарадағы оқиға: Зардап шеккен 49 адам Бішкекке жеткізілді

30 Сәуір 2021, 19:15
1272
Бөлісу:
Шекарадағы оқиға: Зардап шеккен 49 адам Бішкекке жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күннің ішінде Бішкек денсаулық сақтау ұйымдарына 49 адам жеткізілді. Бұл туралы брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары Ализа Солтонбекова мәлімеді.    

Оның айтуынша, Бішкек ауруханаларына 33 адам жатқызылды. Атап айтқанда Ұлттық госпитальге - 11, Ұлттық хирургия орталығына - 4, гемодиализ орталығына - 1. Қалған науқастар Баткен облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде ем алып жатыр.

Жалпы 154 адам зардап шекті, оның 31-і қаза болды.

Жедел мәліметтер бойынша зардап шеккендердің 121-і қарапайым тұрғындар және 23-і күштік құрылым қызметкерлері, - деп қосты Азиза Солтонбекова.

Қазір Ак-Сай, Ак-Татыр, Карабак және Самаркандек елді мекендерінен 6 786 азамат эвакуацияланды, олардың 4 686-сы балалар.

24.kg мәліметі бойынша бүгін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келіссөз өткізді. Бұл туралы мемлекет басшыларының баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара аумағындағы жағдайды тезірек деэскалациялау шараларын талқылады. Садыр Жапаров қырғыз тарапы мемлекетаралық мәселелерді диалог арқылы шешуге және шекара аумағында тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Садыр Жапаров Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас қырғыз және тәжік халықтарының көпжылдық көршілігі және достастығы негізінде алдағы уақытта да дами түсетініне сенімді екенін атап өтті. 

Мемлекет басшылары қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен шешіп, 2021 жылғы мамырдың екінші жартысында Душанбеде кездесуге уағдаласты.

Еске салсақ, оқыс оқиға 28 сәуірде басталған еді. Оған тәжік тарапының Баткен ауданы Көк-Таш ауылының электр бағаналарына камера орнатуы себеп болды. Жергілікті тұрғындар құрылғыны шешуді талап етті. Алайда ұрыс-керіс жанжалға ұласып кетіп, тараптар бір-біріне тас лақтыра бастады. Кейіннен қару да қолданылды. 29 сәуірде шиеленіскен оқиғаны басу үшін екі тарап атысты тоқтатуға уағдаласты.

Өкінішке қарай атыс барысында 31 адам қаза болды, оның ішінде кішкентай бала да бар.


Өзгелердің жаңалығы