Шекарадағы 10 бекет жаңартылатын болды

3 Ақпан 2021, 13:25
1662
Бөлісу:
Шекарадағы 10 бекет жаңартылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел шекарасындағы он өткізу бекеті қайта жаңартылады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев айтты.

Оның айтуынша, тоғыз авто мен бір теміржол өткізу пункті қайта жаңартылады, техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланған.

Сонымен қатар комитет төрағасы Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталғанын еске салды.

«Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу кеңейіп келеді. Бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Сұлтанғазиев.

Бұған дейін комитет төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден статистикасындағы сәйкессіздік 45% дейін төмендегенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы